Рудный – Марафон

Кеншілердің спорттық қаласы

marathon

Өзіңді Рудныйдағы ғаламат оқиғаның бөлшегі ретінде сезін!

Шақыртуды қабыл ал да II ашық «Рудный-Марафон» жаппай жүгіруіне қатыс! Халықаралық марафондар мен қашықтыққа жүгіру қауымдастығының (AIMS) мәліметінше, әр апта сайын жер бетінде он мыңдаған адам марафондарға қатысып, өз күштерін сынайды. 2018 жылы осындай шаралардың 400-ден астамы өткізілмек. Желаяқтардың қатарына әрбір рудныйлық та қосыла алады.

23.09.18 жыл – «Горняк» стадионында «Рудный-Марафонның» басталу сәті. Сол күні 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтыққа жүгіру ұйымдастырылады. 1200 қатысушы болады деп жоспарлануда.

Өткен жылы жаппай жүгіруге көптеген қонақтар қатысты. Солардың қатарында Азия, Африка, Австралия мен Американың барлық ірі шөлдерін бір өзі жүгіріп өткен дүние жүзіндегі жалғыз желаяқ – Марат Жыланбаев та болды.

«Рудный-Марафон» биыл екінші рет өткізілгелі отыр. 2017 жылы өмір трендінің бастамашысы болғандар – ССКӨБ-тің энтузиастары. Осы жылы бірлестік дәстүрге орай моралдық және материалдық қолдау көрсетпек. Барлық қатысушыларға кәдесый дайын. Сыйлықтар жеңімпаздарды ғана күтіп тұрған жоқ. Ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен қауіпсіздікті жергілікті атқарушы билік органдары қамтамасыз етпек.

Дайынсыз ба? Онда дайындал, назар сал – тіркел!